
2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.
Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮКТЕУ ҚАЖЕТ:
- Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
- Жоғары білімі туралы құжаттың (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың (докторантураға түсу үшін) сканерленген нұсқасы (қосымшаларымен бірге).
- Шетел азаматтарын қоспағанда, мемлекеттік тілді білу деңгейін (В1-ден кем емес) растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
- докторантура бағдарламалары (DIR, DPA, DE, DDPA) мен «Халықаралық қатынастар – MIR», «Мемлекеттік саясат – MPP» магистратура бағдарламалары үшін халықаралық сертификаттардың бірі қажет:


