ҚОЛДАНУ КЕЛІСІМІ

ҚОЛДАНУ КЕЛІСІМІ

1-бөлім: Тесттен өту

Қазақ тілінің ресми-іскерлік стилі бойынша тест тапсыратын құрметті Кандидат!  Сізді тестілеу кезеңдерін өтуге жинақталуыңызды сұраймыз. Осы қолдану келісімінің тестілеуден өту бөлімі бойынша  шарттарын қабылдап, Сіз мыналарға келісесіз:

1)   Тестілеу аудио-видео фиксациялармен мемлекеттік тілде жүргізіледі;

2) Тестілеу веб-камерасы, микрофоны, динамиктері мен тұрақты интернеті (5мб/секундтан кем емес) дербес компьютерді қолдану арқылы жүргізіледі. Тестілеуді мобильді құралдардан өтуге жол берілмейді.

3) Кандидат тестілеудің барлық кезеңдерін басқа адамдарды тартпай өз бетімен өтеді. Басқа адамдарды тарту жағдайларына жол берілсе, Сіздің нәтижелеріңіз жойылады.

4) Нәтижелерді санау мерзімі стандартты жағдайлармен қамтамасыз етіледі;

5)   Тест тапсыру барысында Кандидаттың бет-әлпеті нақты көрініп, құрылғының дауысы, көрсетуі анық болуы тиіс. Бет-әлпеті немесе дауысы сапасыз болған жағдайда (бет-әлпеті көрінбей, дауысы анық естілмеген жағдайда), Сіздің нәтижелеріңіз жойылады.

6)   Басқа адамдармен сөйлесуге, жұмыс орнын тастап кетуге немесе сізге бөгет жасайтын басқа да әрекеттерге тыйым салынады. Мұндай жағдайлар орын алса, Сіздің нәтижелеріңіз жойылады.

7)   Басқа адамдардан қандай да бір заттарды алуға, қабылдауыш-жіберуші электронды құралдарды, соның ішінде, мобильді телефондарды немесе басқа да электронды құралдарды, оқу материалдарын және басқа да ақпарат көздерін алып, хабарламалар оқуға немесе мобильді телефонмен, планшетпен және басқа да электронды құралдардың көмегімен жазысуға тыйым салынады. Мұндай әрекеттер анықталса, нәтижелер жойылады.

8)   Веб-камераны, микрофонды өшіруге, жабуға тыйым салынады. Мүндай жағдайлар орын алса, Сіздің нәтижелеріңіз жойылады.

9) Адрестік жолда сызықты басып, жаңартуға, тестілеуді басқа да әдістермен тоқтатуға тыйым салынады. Мұндай жағдайлар орын алса, нәтижелер жойылады.

10) Тінтуардың курсорымен жұмыс аймағынан шығуға, басқа терезелерді, бағдарламаларды ашуға тыйым салынады. Мұндай жағдайларға орын берсеңіздер, Сіздердің нәтижелеріңіз жойылады.

11) Тестілеу сұрақтарын, компьютердегі видеоны кез-келген цифрлық қондырғылармен (мобильді телефондар, басқа да электронды құралдар)  суретке не видеоға жазуға тыйым салынады. Мұндай әрекеттер орын алған жағдайда Сіздің нәтижелеріңіз жойылады. QAZAQ RESMI TESTТІ ұйымдастырушылар аталған әрекеттер анықталған жағдайда келтірген нұқсанды қайтару талабымен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

10) Тест сұрақтарын жариялауға/жіберуге/бөлісуге тыйым салынады. Бұл ақпарат QRT.kz. сайтында ресми тестілеуден өтіп жатқан сізге ғана арналған конфиденциалды ақпарат. QAZAQ RESMI TESTТІ ұйымдастырушылар аталған әрекеттер анықталған жағдайда келтірген нұқсанды қайтару талабымен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

11) Сіз қолданып отырған компьютеріңіздің техникалық мүмкіндіктеріне, интернет жылдамдығының 5мб/сек-тан кем болмауына  жауаптысыз. Жұмыс орнында мекеменің ақпараттық қауіпсіздігінің шектеу қою мүмкіндігін ескеріп, жүйелік интернетті қолданбауыңызды ескертеміз. Компьютеріңіз тоқтап, дүрыс істемеген жағдайда немесе интернет жүйесінің 5 Мбит/секундтан кем болса, Сіздің тестілеу нәтижелеріңіз жойылады.

12) Тестілеудің барлық кезеңдерінде аппеляция қарастырылмаған.

13) Осы Қолану келісімінің жағдайларын және кезеңдер нұсқаулығын бұзсаңыз, Сіздің нәтижелеріңіз жойылады.

 

2-бөлім:  Сайтты қолдану

 

          Осы Қолдану келісімі Нұр-Сұлтан  қаласы, Кенесары көшесі, 4-үй, НП 45, бизнес идентификациалық нөмірі [070540015721] («Компания»)  «Talantiz»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен  Сайтты қолдану арқылы қазақ тілінің ресми стилі бойынша білімін анықтайтын жеке тұлға www.QRT.kz сайтының  Кандидат арасындағы Компанияның Кандидатқа Серверлерге және Қызметтерге төмендегі шарттар негізінде (Келісім) кіруді реттейді.  Компания мен Кандидат бұдан әрі Келісім мәтінінде «Тараптар», ал жекелемеде «Тарап» деп аталады. Осы Келісімнің міндетті бөлігі болып табылатын 1-Қосымшадағы бас әріппен жазылған  терминдердің маңыздылығы жоғары.

 

  • Келісімнің заты

 

  • Осы Келісім Компанияның тест тапсыруға Сайтты ұсынуы, қоса алғанда, видеосұхбат жүргізу және бағалау,  онлайн тыңдалымды жүргізу және бағалау, жазылымды жүргізу және бағалау, тестілеудің аудио-видеоларын фиксациялау, Кандидаттың түйіндемесін орналастыруға байланысты прокторинг жүйесін қосу/белсендіру, Кандидаттың видеотүйіндемесін орналастыру, Кандидатты оқыту және дағдылары мен дамыту бойынша ұсынымдар беру, құжат/файлдарды сақтау, тестілеудің аудио-видео жазбаларын жүргізу, Кандидатты оқыту және дағдылары мен дамыту бойынша кеңестер беру, Сайттың Тест туралы, Тестілеуді жүргізу,  QRT тестілеуі  («Қызметтер») және басқа да көрсетілетін қызметтер бойынша  Компания мен Кандидат арасындағы байланыстарды реттейді

 

    •           Правила пользования Сайтом, опубликованные на Сайте по адресу: Сайтта жарияланған QRT.kz («Ережелер») сайтымен қолдану ережелері осы Келісімнің мызғымас бөлігі болып табылады және Кандидат ол Ережелермен келіседі.

 

  •           Сервистерге қолжетімділік

 

    •           Компания Кандидатты Сервистерге ақылы және ақысыз түрде енгізеді. 
    •           Кандидат осы Келісімнің шарттарын ұстанып Сайтты қолдана алады, сондай-ақ сервистерге қолжетімділігі беріледі.   В случае невыполнения Кандидат аталған міндеттемеледі орындамаса Компания ҚР заңнамалардың азаматтық нормаларында көрсетілген өкілеттігі негізінде Сервистерге қолжетімділікті тоқтатуға немесе бас тарта алады.   
    • Кандидаттардың ресми-іскерлік қазақ тілінен жекелеме және де басқа да қажеттіліктерді анықтауға бағытталған  Компания ұсынатын Сайттағы Сервистер бойынша Келісім шеңберінде   Компания егер өтінімдері Сайттың ережелеріне, тақырыбына, категориясы мен саясатына сәйкес келмеген жағдайда келген әр адамға Сервистерге қолжетімділікті ұсыну туралы міндеттеме алмайды, рұқсат етпеу мүмкіндігіне ие.
  •            Компания көрсететін қызметтер
    •           Сайттың Тест туралы, Тестілеуден өту сілтемелері бойынша Компания Кандидатқа ақылы және ақысыз қызмет көрсетеді. Келісім шеңберінде көрсетілетін нақты қызметтер, олардың мазмұны, мөлшері мен мерзімі Сайтта интерфейсте ұсынылған белгілі жағдайлар, ережелер мен талаптар бойынша анықталады.    Осында Тараптар ақылы қызмет тарифының   мөлшері мен тәртібі Компаниямен бір жақты өзгере алатынына келіседі.  Компания Сайтқа ілу арқылы Кандидаттармен қоса алғанда көптеген адамдарды өзгерістер  немесе Қызметтердің жабылуы туралы ақпаратпен таныстырады. Кандидат Қызмет көрсету мен Тарифтер туралы өзгерістерді біліп отыруы жеке жауапкершілігі екендігімен келіседі.
    •           Ақылы Қызмет көрсету таңдалған жағдайда Кандидат Компанияның есепшотына қаржыны Қызметті алғанға дейін жібереді. Кандидат Қызметтің төлемақысын өзінің немесе басқа адамның атындағы   банктің картасы арқылы жүзеге асырады.   Сондай-ақ, Компанияның есеп шоты арқылы Компания есептеген төлемақы негізінде төлеуге болады. Клиент Қызметтерді осы Келісімнің 12 «Компания реквизиттері» бөлімінде көрсетілгендей Компанияның есеп шоты арқылы немесе банк картасымен төлейді. Төлеу жолдарын Сайтта көрсетілгендерден таңдап Клиент өз қалауынша жүзеге асырады.    
    • Компания  Кандидатқа төлемақылар туралы ақпаратты Кандидаттың электронды поштасына немесе Сайттағы Жеке кабинеттегі «Менің төлемдерім» атты ақпараттық-аналитикалық бөлім арқылы  жібереді.
    •           Қызмет тапсырыстары төлемақының бір түрімен төленуі тиіс. Бір тапсырысты бірнеше түрлі төлемақымен төлеу қабылданбайды.
    •           Кандидаттың төлемақы төлеу туралы міндеттемесі  Компанияның есеп шотына қаржының түскен сәтінен саналып, Сайттың ақпараттық, техникалық қорлары белсендіріледі.  Кандидат төлемақы төлеп қойғаннан кейін Қызметтен бас тартса, қызметті белгілі бір мезгілде қолданатынына қарамастан,  Компания қандай жолмен төленсе де төлемақыны қайтарады.

         

  •           Тараптардың құқығы мен міндеттемелері

          Компанияның құқықтары:

 

  • Кандидатқа қызмет көрсету үшін, сондай-ақ, осы Келісімді орындауға байланысты өзге де мақсаттарды орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы;
  •  Кез-келген сәтте осы Келісімнің шарттарын және сайт жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттарды бұзуға байланысты Кандидаттың сайтқа кіруіне тыйым салынады. Компания қаражатты және басқа шығындарды өтемейді;
  •  Кандидаттың сайтта көрсетілген жеке кабинетінде көрсетілген мәліметтерді салыстыру арқылы келісім бойынша тарап ретінде ҚР заңнамасымен рұқсат етілген тәсілдермен кандидатты верификациялауды дербес жүргізу;
  • Компания Кандидатқа сайттағы жеке кабинетінде бар жарнамалық хабарламалар сондай-ақ, осы Келісімді орындауға байланысты хабарламалар немесе қызмет көрсету мәртебесі, ұзарту тәсілдері туралы хабарландыруларды және смс-хабарламалар және/немесе электрондық пошта арқылы өзге де ақпараттық хабарламаларды қоса алғанда, осы Келісім шеңберінде жасалған кез- келген ақпараттарды жіберуге құқылы;
  • ҚР заңнамасында және Келісіммен қарастырылған өзге де жұмыстарды орындауға құқылы.

Компанияның міндеттері:

 

    • Кандидат Сайтта көрсетілген тіркеу рәсіміне қойылатын барлық талаптарды орындаған жағдайда кандидатты Сайтта тіркеу;
    • Кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіліп, оның балансына түскен қаражатты есепке алу;
    • Сервистерге қолжетімділікті ұсыну, Кандидатқа қызметтер көрсету және Сервистердің дұрыс жұмыс істеуін осы Келісімде көзделген көлемде және мерзімде тиісті түрде қамтамасыз ету;
    •  Кандидаттың алған нәтижелері туралы сертификатын кандидат  көрсеткен электрондық мекен-жайға жолдауға;
  • Клиент ұсынатын қызметтер үшін төлемақы төлеген жағдайда тесттен алған нәтижелері бар кандидат сертификатын Клиенттің электрондық поштасына жолдауға;
  •  Кандидатқа жеке деректерін сайтта орналастыру, тестілеуден өту, тестілеудің аудио-бейне жазбаларын жүзеге асыру мүмкіндігі үшін функционалдық құралдарды ұсыну, сондай-ақ, сайтта ұсынылған функционал арқылы түйіндеме жасауға;
  •  Кандидатқа сервистер мен Қызметтерді пайдалану кезінде ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуге;
  • Кандидаттың жеке кабинетінде қызметтерге ақы төлеуге  есептеп шығарылған қаражатын көрсетуге;
  • ҚР заңнамасында және осы Келісімде көзделген жағдайларды, Сайтта тіркелу кезінде кандидаттың алған ақпаратының құпиялылығын сақтау;
  • Қызметтерді төлеуге есепшот ұсыну және осы Келісімде көзделген басқа да міндеттемелерді орындауға міндетті.

 

Кандидаттың құқықтары:

  • Осы Келісімнің шарттарына сәйкес сервистер мен қызметтерді пайдалану;
  • Компаниядан қызметтердің тарифтеріне сәйкес қосымша қызметтерге Тапсырыс беру;
  • Осы Келісімде айқындалған тәртіппен бұрын тапсырыс берілген қызметтерден бас тарту;
  • Ізденушінің осы Келісімде көзделген өзге де құқықтары.

 

Кандидаттың міндеттемелері:

 

  • Сайтта тіркелу және Келісімге сәйкес Компания сұратқан барлық қажетті мәліметтерді, ақпарат пен құжаттарды ұсыну;
  • Келісіммен белгіленген мөлшерде және мерзімде қызметтерді уақытылы қабылдау және төлеу;
  • Осы Келісім бойынша компанияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және мәліметтерді, сондай-ақ, Кандидат Компанияның атына Сайтта қызметтер көрсетуге және Сервистерге қолжетімділікті ұсынуға байланысты өтініштер, сұраулар және басқа да өтініштер жіберген жағдайда Кандидатты келісім тарапы ретінде сәйкестендіру үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және мәліметтерді компанияға уақытылы ұсынуы тиіс;
  • Тарифтерге немесе тарифтік жоспарларға, осы Келісім мен ережелерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Сайтта жарияланатын ақпарат пен жаңартуларды өз бетінше қадағалау;
  • Сайтта техникалық проблемалар туындаған жағдайда бұл туралы Сайт әкімшілігін info@talantiz.com электронды пошта бойынша дереу хабардар етуге:
  • Сервистер мен Қызметтерді пайдалану кезінде осы Пайдаланушы келісімінің 1-бөлігінің талаптарын сақтау.

 

Тестілеуден өту.

 

  • Сервистер мен Қызметтерді пайдалану кезінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын, Келісімнің ережелерін, таңдалған Сервистің тиісті шарттарын, сондай-ақ, сайт интерфейсінде ұсынылған нұсқаулықтарды сақтау;
  • Осы Келісімде көзделген басқа міндеттемелерді орындау.

 

5.Кепілдіктер мен міндеттемелер

 

  • Кандидат Сайтта жасаған іс-әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде Сайтта орналастырған ақпаратының мазмұны үшін жауапты.
  • Сайт кандидаттарға Ресми-іскерлік қазақ тілін білуге арналған тестілеуден өтуге, түйіндемені толтыруға, тестілеу нәтижелерін Кандидат көрсеткен алушыларға жіберуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Бұл ретте компания Кандидат көрсеткен тестілеу нәтижелері жіберілетін электрондық поштаны тексермейді. Осылайша, уақтылы жеткізу, қауіпсіздік Компанияның бақылауынан тыс. Компания жазбаша тапсырма мен бейне сұхбаттың мазмұнын қоса алғанда, тестілеуден өту кезінде Кандидат ұсынатын ақпараттың мазмұны, ізденушілердің Сайтта орналастырылатын ақпараты мен фото, бейне материалдардағы суреттерді пайдалануы үшін жауапкершілікті емес.
  • Компания Кандидаттың ақпаратты жоғалтуына, сондай-ақ Сайттағы байланыс нысандарын пайдалану арқылы алынған ақпараттың бұрмалануына немесе хабарламаның жоғалуына жауапты емес.
  • Интернет желісін құру және оның жұмыс істеу қағидаттарын ескере отырып, Сервистер "сол қалпында" ұсынылады, бұл дегеніміз, Компания Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер бермейді, атап айтқанда, компания кандидатқа:
  • Қызметтер, олардың тікелей немесе жанама әсері мен сапасы Кандидаттың талаптары мен мақсаттарына сәйкес келеді; Сервистер тұрақты, сенімді, үзіліссіз, қатесіз жұмыс істейді;
  • Сервистерді пайдалану арқылы алынатын нәтижелер ізденушінің күткеніне сәйкес келетін болады;
  • Компания Кандидаттың Сайтқа кіруін, сондай-ақ, осы Келісімнің 4.1-тармағына сәйкес ір-мекенжайларын шектеуге байланысты Сайтта бұзушылықтардың жолын кесу немесе алдын алу шараларын қабылдауға байланысты Кандидатқа келтірілген ықтимал шығындар және (немесе) қолайсыздықтар үшін жауапты болмайтындығымен келіседі;
  • Үміткер Компания ұсынған Сайтта байланыс нысаны арқылы Кандидатқа хабарлама жіберу мүмкіндігін кез-келген үшінші тұлғалар кандидатпен мәміле жасаудан басқа мақсаттарда компания тарапынан қандай да бір ықпал мен бақылаусыз пайдалануы мүмкін екенін қабылдайды және келіседі. Осыған байланысты компания басқа кандидаттардың немесе автоматтандырылған жүйелердің (роботтардың) кандидаттарға хабарлама жіберу үшін сайтта орналастырылған нысанды пайдаланғаны үшін, сондай-ақ кандидаттың Сайт беттерінде орналастырған телефон нөмірлерін пайдаланғаны үшін жауап бермейді.
  • Компания салдарларын болдырмау немесе еңсеру мүмкін болмайтын, еңсерілмейтін мән-жайларға байланысты міндеттемелерді орындамағаны немесе орындау барысындағы қиындықтар үшін жауапты емес.
  • Компания Кандидат ұсынған кез-келген ақпаратпен, оның ішінде Кандидат Сайтта ұсынған немесе орналастырған түйіндеменің, жазбаша тапсырманың, бейне сұхбаттың мазмұнымен ешқандай байланысы жоқ және мұндай ақпараттың не оның компоненттерінің түпнұсқасы мен қауіпсіздігі тұрғысынан мазмұнын, сондай-ақ, оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін және Кандидатта оны таратуға және пайдалануға құқықтардың қажетті көлемінің болуын тексеруге міндетті емес.
  • Кандидат орналастыратын мәліметтерде интернет желісіндегі сайттарға (үшінші тұлғалардың сайттары) сілтемелер болуы мүмкін. Аталған үшінші тұлғалар және олардың Сайттарының мазмұны, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың кез-келген ақпаратын Компания қандай да бір талаптарға (анықтығына, толықтығына, заңдылығына және т.б.) сәйкестігін тексермейді. Компания сайтты пайдалануға байланысты Кандидат қол жеткізе алатын үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар үшін, сондай-ақ, осындай сайттардың немесе ақпараттың қолжетімділігі және Кандидаттың оларды пайдалануынан шыққан жұмыстар үшін жауап бермейді.
  • Компания өз қалауы бойынша: егер Кандидат Сайтта тіркелу үшін талап етілетін өзі туралы ақпаратты толық немесе дұрыс толтырмаған болса, Кандидаттың есептік жазбасын және (немесе) жеке кабинетін немесе Кандидат туралы өзге де мәліметтерді жою немесе  осы Келісімді, сондай-ақ, сервистердің немесе қызметтердің кез келген шарттарын, сайттың жұмыс істеуін регламенттейтін өзге де қағидаларды бұзатын Кандидаттың жалпы не ішінара сервистерге кіруін тоқтату, оның ішінде кандидаттың жеке кабинетке кіруін, Сервистерге қолжетімділігі тоқтатылған немесе мәліметтері жарамсыз болып қалған Кандидат Компанияның рұқсатынсыз сайтқа қайтадан (оның ішінде Сайтта бұрын көрсетілген электрондық поштаны пайдалана отырып) жаңа есептік жазба жасауға құқылы емес. Үміткер сайтқа кіру үшін басқа Кандидаттың тіркелгі деректерін пайдалануға құқығы жоқ.

 

 

  • Келісім әрекеті мен қорытындысы

 

  • Осы Келісімнің шарттарын толық және сөзсіз қабылдау Кандидаттың Сайтты пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер жасауы, оның ішінде "мен пайдаланушылық келісімнің шарттарын қабылдаймын" чекбоксының, "мен өз дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін" чекбоксының тиісті белгілерін қоюы, сайтта тіркелуі, тестілеу нәтижелерін үшінші тұлғаларға жіберуі, сондай-ақ сайттың функционалын пайдалану бойынша басқа да іс-әрекеттер жасауы болып табылады.
  • Кандидат осы Келісімнің шарттарын қабылдаған және "мен Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдаймын" чекбоксын басқан күннен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
  • Тараптар келіседі:
  • Осы Келісім ҚР заңнамасына сәйкес жазбаша түрде жасалған шарт болып табылады.
  • Кандидат сайтқа кіруді жүзеге асырған немесе оның ресурстарын пайдаланған сайын Кандидат осы Келісімнің шарттарын қабылдайды.
  • Егер үміткер осы Келісімнің шарттарымен келіспесе, ол Сайтты және (немесе) оның ресурстарын пайдалана алмайды.
  • Үміткердің келесі конклюденттік әрекеттердің бірін орындауы осы Келісімнің шарттарын сөзсіз және толық қабылдау болып саналады:
  • Сайтта Есептік жазбаны өздігінен тіркеу;
  • Сайтта дербес деректерді, сондай-ақ өзге де жеке мәліметтерді орналастыру;
  • Сайтта тестілеуден өту;
  • Түйіндемені Сайтқа орналастыру.
  • Келісім ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толған, әрекетке қабілетті жеке тұлғамен ғана жасалуы мүмкін.
  • Кандидаттың әрбір қызмет тапсырысын ресімдеуі тиісті қызмет шарттарына және қызметке тапсырыс беру сәтінде сайтта орналастырылған келісімнің қолданыстағы редакциясына сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс онлайн режимінде ресімделеді.
  • Кандидат Сайтта белгілі бір іс-әрекеттерді орындау, оның ішінде кәсіби техникалық құралдарды пайдалана отырып, іске қосу, сайттың интерфейс элементтері арқылы командаларды орындау (батырмаларды басу, шертулер), төлем жасау және басқа да осындай іс-қимылдар кандидаттың сайтта көрсетілген тиісті сервистің параметрлеріне және оның бағасына сәйкес тапсырыс беруге және/немесе сервисті іске қосуға қатысты өз еркін білдіруін білдіретіндігімен келіседі.
  • Үміткердің логині мен паролін қолдану арқылы жасалған әрекеттерді ізденуші жасаған және қарапайым электрондық қол қою күші бар Тараптар мойындайды.

 

  • Келіспеушіліктер мен ағымдағы заңнама

 

  • Осы Келісім бойынша барлық дауларды шешу кезінде ҚР қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
  • Осы Келісім шеңберінде туындаған барлық даулар ҚР соттарының қарауына берілуі тиіс.
  • Осы Келісімнің жекелеген бөліктерін жарамсыз деп тану осы Келісімнің басқа ережелерінің күшін жоймайды.

 

8. Жауапкершілік

 

  • Компания тиісті қызмет көрсету үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерді жұмсауға міндеттенеді, бірақ егер үміткер келесі себептер бойынша қызметтерді пайдалана алмаса, үміткердің шығындарын  өтемейді:
  • Қызметтерге немесе Сервистерге қолжетімділік жүзеге асырылатын жалпы пайдаланымдағы байланыс арналарының технологиялық ақаулары, қателермен, рұқсаттамалармен, жұмыстағы немесе деректерді берудегі үзілістермен, байланыс желілеріндегі ақаулармен және өзге де техникалық іркілістермен қоса, бірақ олармен шектелмей, кез-келген себеппен Кандидаттың Интернет желісіне кіруін жоғалтуы;
  • Хакерлік, DDoS-шабуылдарды, Вирустық бағдарламалардың әрекеттерін және сайт жұмысының өзге де бұзушылықтарын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың сайт жұмысына санкцияланбай араласуы;
  • Кандидаттың жеке кабинетке кіру рұқсатын жоғалтуы, оның ішінде оны рұқсатсыз пайдалану белгілері болған кезде;
  • ҚР заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларын анықтауға жататын жағдайларда.
  • Компания тарапынан Кандидатқа залал келтірілген жағдайда, жауапкершілік Кандидатқа келтірілген нақты залал сомасымен шектеледі. Бұл ретте Компанияның Кандидат алдындағы жауапкершілігі Кандидат тапсырыс берген және төлеген, бірақ Компанияның кінасынан алынбаған қызметтің құнынан аспайтын мөлшерде немесе, егер қолданылатын болса, залал келтірілген кездегі Кандидаттың балансынан аспайтын сомада және  Кандидаттың балансындағы ақша қаражатының бір бөлігін немесе бүкіл сомасын жоғалтқан жағдайда ғана айқындалады.
  • Компания Кандидаттың алдында Компанияның кінасынан емес, оның ішінде Кандидаттың осы Келісімнің ережелерін бұзуына байланысты туындаған залалдар үшін жауап бермейді.
  • Кандидатқа операциялардың бір бөлігі, оның ішінде, бірақ көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді қабылдау операцияларымен шектелмей, Компания жеке өзі немесе үшінші тұлғалар арқылы бақыланбайды және қадағаланбайды. Компания үміткердің қызметтерді төлеуге ақша аударымы немесе түсуі үшін жауап бермейді. Кандидат таңдаған төлем тәсілдерінің қауіпсіздігі, құпиялылығы, сондай-ақ, оларды пайдаланудың өзге де шарттарын іздеуші мен тиісті төлем агенттері арасындағы тиісті келісімдермен айқындалады.
  • Кандидат Сайтта Кандидаттың логинін/паролін, электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірін (оның ішінде қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерін) пайдалана отырып жасалған кез келген іс-қимыл үшін, сондай-ақ, өзінің логинін/паролін сақтауға және кандидаттың жеке кабинетін санкциясыз пайдалану және қарапайым электрондық қолтаңба салдарынан туындауы мүмкін залалдар үшін жауап береді.
  • Логин немесе пароль ұрланған, жоғалған жағдайда Кандидат жеке кабинетке және қызметтерге кіру үшін құпиясөзді ауыстыру үшін қажетті шараларды дербес қабылдайды. Компания Кандидаттың логинін немесе паролін ұрлауға/жоғалтуға әкеп соққан үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың Кандидаттың жеке кабинетіне рұқсатсыз кіруіне байланысты кандидатта туындаған кез-келген шығыстар, залал немесе жоғалған пайда үшін жауапты болмайды.
  • Компания Ресми-іскерлік қазақ тілін білуге арналған тестілеуден өту салдарынан сервистердің Кандидаттың күтуіне және Кандидаттың жұмыс алуына, жоғары оқу орындарынан шақырылуына немесе өзге де іс-әрекеттерге сәйкестігіне кепілдік бермейді.       

 

9. Үшінші тұлғалар

 

    • Тараптар Сайттың жұмыс істеуі және қызметтер көрсету мақсаттары үшін Компания төлем агенттерін, қажет болған жағдайда тестілерді әзірлеу немесе оларды тексеруге сарапшыларды, техникалық қолдау жөніндегі мамандарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, белгілі бір қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігімен келіседі. Тараптар осындай үшінші тұлғалардың қызметтер көрсету және төлем агенттерінің есеп айырысулар жүргізу шарттарымен келіседі.
    • Кандидат пен Төлем агенті арасындағы есеп айырысу Компанияның қатысуынсыз тікелей жүргізіледі. Компания есеп айырысуға байланысты мұндай мәміле орны  болып табылмайды және ешқандай қаржылық есеп айырысуды жүзеге асырмайды, ешқандай төлемдерді қабылдамайды және Кандидат пен Төлем агенті арасындағы мәміле бойынша есеп айырысуларға қатыспайды. Кандидат пен Төлем агенті арасындағы барлық қаржылық операциялар мен есеп айырысулар Компанияның қатысуынсыз және Сайттан тыс жүргізілетінін түсінеді және келіседі. Компания кандидаттарға ақша аударымдарын жүргізбейді, Кандидат пен Төлем агенті арасындағы қаржылық есептеулерге қатыспайды, кандидаттың банк карталарының деректерін және басқа төлем деректемелерін сақтамайды және өңдемейді.

 

10. Құқықты беру

 

    •           Компания бұған құқылы, ал Кандидат осы Келісім бойынша өз құқықтарын немесе міндеттерін тұтастай алғанда да, ішінара да үшінші тарапқа беруге өз келісімін береді. Кандидаттың осы Келісім бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.
    • Осы Келісім бойынша құқықтарды немесе міндеттерді тұтастай да, ішінара да үшінші тарапқа берген жағдайда, үшінші тарап басқа Сайтта ұқсас қызметтерді ұсынуға құқылы.
  •           Басқа жағдайлар
    • Компания осы Келісімнің шарттарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен рұқсат етілетін шамада өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Келісімнің жаңа редакциясының Сайтында жарияланған күні осы Келісімді өзгерту күні болып табылады. Кандидат Сайтта орналастырылған келісімнің қолданыстағы редакциясымен танысуға тиіс.
    • Кандидат пен Компания арасында көрсетілетін қызметтерге қатысты жеке шарт жасалған жағдайда, осындай жеке шарттың ережелері осы Келісімнің ережелерінен басым күшке ие болады.
    • Келісімге өзгерістер күшіне енгеннен кейін Келісім шеңберінде қызметке тапсырыс беру және Кандидаттың мәміле жасауы тараптардың келісімге тиісті өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы келісімге келгенін білдіреді. Келісімге мұндай өзгерістер Кандидат бұрын, келісімге өзгерістер күшіне енгенге дейін тапсырыс берген және ақы төлеген қызметтерге қолданылмайды.
    • Компания үміткерге сайт интерфейсі арқылы, электрондық пошта мекенжайы арқылы немесе өзге тәсілмен хабарлай отырып, ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Келісімді бұзуға құқылы.
    • Осы Келісім Кандидаттың бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Кандидат бұрын төлеген сома қайтарылмайды.
    • Осы Келісім Тараптар арасында оның нысанасына қатысты келісілген барлық шарттарды білдіреді және егер Тараптар өзгеше тікелей келіспесе, Тараптар арасындағы оның нысанасына қатысты барлық бұрынғы уағдаластықтарды, растауларды және кез келген түрдегі келісімдерді алмастырады.

 

 

  •           Компания реквизиттері

 

ТОО «TALANTIZ»

БИН: 070540015721

IBAN: KZ18601711000011980

БИК: HSBKKZKX

АҚ «Қазақстан Халық Банкі»

Заңды мекенжай:Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 4 үй, НП 45

 

 

 

 № 1 қосымша.  Қысқартулар мен анықтамалар

«Жеке кабинет»

Ізденушіге Есеп жазылымдарымен басқаруға мүмкіндік беретін Сайттың бөлімі. Ізденуші осы бөлім арқылы өз жазбаларын басқара, орналастыра, өзгерте немесе тіркеу кезінде енгізген ақпараттарды жоя алады.  

«СҚБ»

ҚР заңнамасына сәйкес қосалқы бағаға қосылған салық.

«Жеке деректері»

Электронды, қағаз тасымалдаушыдағы мәліметтер.

«Төлеу агенті»

Жеке кәсіпкер немесе  заңды тұлға жеке және заңды тұлғалардан төлемақы алады.

«Тіркелу»

Сайтта Кандидаттың есеп жазылымын құру үрдісі.

«Түйіндеме»

Кандидаттың дағдылары, жұмыс тәжірибесі (байланыс деректері, суреттер және қажетті ақпараттары) жазылған құжат.

«ҚР»

Қазақстан Республикасы.

«Сервис»

Ізденушілерге, жұмыс берушілерге және басқа да Сайтқа кірушілерге арналған арналған қызметтік мүмкіндіктер, қызметтер, құралдар.

«Кандидат»

Келісімнің бас жағында көрсетілген, Сайтты қолданатын кез-келген жеке тұлға.

«Тариф»

Сілтеме бойынша Сайтта орналасқан көрсетілетін қызметтердің бағасы  [Тарифтер].

«Тарифті жоспар»

Компанияның сілтеме бойынша Сайтта орналасқан Кандидатқа көрсетілетін қызметтердің бағасы мен шаттары туралы коммерциялық ұсыным. [Тарифтер].

«Тіркеу жазылымы»

Дегеніміз ізденушіге Сайттың белгілі қызметіне, сондай-ақ, есеп жазылымдары шеңберінде  жеке деректемелерге немесе басқа жеке ақпаратқа қол жеткізетін  Сайттың арнайы бөлімшесі.

«Клиент»

Дегеніміз Компанияның қызметін алғысы келетін  заңды немесе жеке кәсіпкер.

 

 

 Құрастыру мерзімі: 20.11.2020

© Все права защищены 2020