Сертификат туралы
QAZAQ RESMI TEST сертификаты ресми-іскерлік қазақ тілін меңгеру деңгейін растайды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің парадигмасы мемлекеттік тілді мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де ұйымдарда негізгі қатынас тілі ретінде пайдалануды көздейді. Мемлекеттік органдарға, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарына қызметкерлер, ізденушілер, талапкерлер және өзге тұлғалар арасында ресми-іскерлік қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға көмектесу үшін QAZAQ RESMI TEST құрастырылды.
QAZAQ RESMI TEST 4 бөлімнен тұрады және төрт тілдік дағдыны тексереді:
Тыңдалым
тілді есту арқылы
қабылдау
Лексика және орфография
мәтінді оқу және
түсіну
Жазылым
логикалық мағыналы
мәтін жазу қабілеті
Ауызекі сөйлеу
өз ойын білдіру
қабілеті
QAZAQ RESMI TEST сертификаты осы бөлімдердің әрқайсысы бойынша және жалпы алынған деңгей бойынша нәтижелерді көрсетеді. Осылайша, сіз ресми-іскерлік мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктеріңізді қадағалай аласыз.
Сертификаттың түпнұсқалылығын тексеру
Сертификаттың ID-ін еңгізіңіз:
деңгей C2
Тесттің тапсырылған күні:
Жарамдылық мерзімі: