QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST - қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың онлайн-сервисі. Ресми-іскерлік қазақ тілі мемлекеттік органдар, коммерциялық компаниялар мен өзге де ұйымдарда қызмет жасау үшін қажет.

QAZAQ RESMI TEST - бұл онлайн тест. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда, онлайн режимінде, өз компьютеріңізден, кез келген уақытта, ыңғайлы жағдайда тапсыруға болады.

Тест 4 бөлімнен тұрады және 4 тілдік дағдыны тексереді:

Тыңдалым
тілді есту
арқылы қабылдау

Лексика-орфография
емле ережелерді білуі

Жазылым
логикалық мағыналы
мәтін жазу
қабілеті

Сұхбат
өз ойын білдіру
қабілеті

* Осылайша, тест 4 бөлімнен тұрады, оларды бір-бірінен кейін де, кез келген ретпен де өткізуге болады. Маңыздылығы тест бөлімдерін бірден өту қажет.

Common European Framework of Reference, CEFR)

Тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес тілді бағалау құрылымы 6 деңгейге бөлінеді. 2001 жылы Еуропа Кеңесі кез-келген тілде тілдік құзыреттілікті бағалау үшін CEFR қолдану туралы шешім қабылдады. Бастапқыда CEFR шет тілін бағалауға бағытталса, кейіннен ол кез келген тілді меңгеру деңгейін бағалаудың тірек жүйесіне айналды.

CEFR жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың тілдік білімі 3 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде 2 топқа бөлінеді. CEFR шкаласы бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейі мынадай:

Деңгей және бағдарлама атауы Нәтиже Деңгей сипаттамасы

А1

Ресми-іскерлік стильдің қарапайым лексикасы және тілдік дағдылар
Бастапқы деңгей Ресми-іскери стильдің қарапайым лексикасы, негізінен қарапайым сөйлемдер. Сұхбатта қарапайым фразалар мен сөз тіркестерін қолдану.

А2

Орфографиялық нормалар мен диалогтардың негіздері
Қарапайым деңгей Қарапайым сөйлемдерді құрастыру. Сұхбат және тыңдау сұрақтарын есту арқылы игеру. Өз пікірін қарапайым сөйлемдермен жеткізу.

B1

Орфографиялық нормалар және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Меңгерудің орта деңгейі
В1 деңгейін беру туралы Сертификат
Тірек сөздерді қолдана отырып мәтін құрастыру. Өз пікірін қарапайым сөйлемдермен дәлелді түрде жеткізу.

B2

Ресми жазылым және көпшілік алдында сөйлеу
Меңгерудің орта-ілгері деңгейі
В2 деңгейін беру туралы Сертификат
Мысалдарды аргумент, дәлел ретінде пайдалана отырып, жағдаяттарды сипаттау. Орташа күрделі диалогтарды сөйлеу тілінде қолдану.

C1

Мемлекеттік тілде кәсіби жазу, сөйлеу дағдылары
Меңгерудің озық деңгейі
С1 деңгейін беру туралы Сертификат
Аналитикалық жазбаларды, сараптамалық қорытындыларды құрмалас сөйлемдермен құрастыру. Аудитория алдында баяндамамен сөз сөйлеу, аудиторияның күрделі сұрақтарына дәлелді жауап беру

C2

Мемлекеттік тілде жазылым коммуникациясы, мемлекеттік тілде шешен сөйлеу
Меңгерудің еркін деңгейі
С2 деңгейін беру туралы Сертификат
Коммуникацияның түрлері, нәтижеге бағытталған жазбаша коммуникация, көпшілік алдында сөз сөйлеуге жазбаша дайындық, мемлекеттік тілде шешен сөйлеу

Тыңдалым

1,5-2 минуттық видео материалдың негізгі идеясын түсінгендігі берілген сұрақтарға жауап беру арқылы анықталады.
5
сұрақ
5
минут

Лексика-орфография

Бұл бөлімде орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік, пунктуациялық нормаларды білу деңгейі анықталады.
10
сұрақ
10
минут

Жазылым

Бөлікте берілген мәтін құрастыру техникасына сүйеніп, 5 сөйлемдік мәтін құрастырасыз. Мәтін сөйлемдері аргументті (дәлелді) болуы тиіс.
5
сөйлем
10
минут

Сұхбат

Жазылым бөлігіндегі нақыл сөз бойынша 3 сұрақ ұсынылады. Сұрақтарға нақты, аргументті сөйлемдермен жауап бересіз. Бөлікті сәтті орындау үшін 3-5 минут сөйлеуіңіз керек.
3
сұрақ
5
минут
Common European Framework of Reference, CEFR)

QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы тілді деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасына сәйкес және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламалары негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді және орфография, тыңдалым, оқылым, жазылым және қазақ тілінің ресми-іскерлік стилінде сөйлеу бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі нормаларды қамтиды.

Тұжырымдамада баяндалған оқыту жүйесі ересек Жоғары оқу орнынан кейінгі аудиторияның қазақ тілінің ғылыми, ресми, публицистикалық стильдері бойынша дәйекті мәтінді (баяндамалық, талдама-сараптамалық) құрастыру, түрлі көлемде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын деңгейлеп меңгеруге бағытталған.

Бұл тәсіл тілді меңгеру деңгейін тілдік біліммен қатар, ресми-іскерлік жазылым және ауызекі тіл деңгейінде де анықтауға мүмкіндік береді.

Common European Framework of Reference, CEFR)

QAZAQ RESMI TEST - онлайн іріктеу жүйелеріне мамандандырылған, қазақстандық TALANTIZ компаниясы әзірлеген онлайн тестілеу жүйесі. TALANTIZ компаниясы (business.talantiz.com) «Президенттік Жастар кадрлық резервін», «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді онлайн іріктеу платформасын, AIFC Leadership Programme (АХҚО көшбасшылық бағдарламасын) және басқа да көптеген жобаларды жүзеге асырған белгілі компаниялардың бірі.

Онлайн тестілеу жүйесі ең жаңа технологияларды, автоматтандырылған жүйенің ашықтығын және нәтижелерді онлайн режимінде тексерудің жылдамдығын біріктіреді.

QAZAQ RESMI TEST 4 бөлімнен тұрады. «Тыңдалым» және «Лексика-орфография» бөлімдері тест тапсырмаларымен ұсынылған. Осы бөлімдер бойынша нәтижелер жүйемен автоматты түрде тексеріледі.

«Жазылым» бөлімі модуль болып табылады және үміткерге шектеулі уақыт аралығында ұсынылған тапсырма бойынша ресми стильді мәтін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы бөлім бойынша нәтижелерді тәуелсіз сарапшы 2 жұмыс күні ішінде бағалайды.

«Сұхбат» бөлімі үміткердің нақты уақыт режимінде компьютер арқылы қойылатын сұрақтарға жауаптары бар бейне сұхбат болып табылады. Осы бөлім бойынша нәтижені тәуелсіз сарапшы 2 жұмыс күні ішінде бағалайды.

QAZAQ RESMI TEST шеңберінде көзделген прокторинг жүйесі кандидаттың іс-қимылын қадағалайды және оған басқа бағдарламаларды, терезелерді немесе құралғыларды пайдалануға мүмкіндік бермейді. Тестілеуді тапсыру барысында аудио-бейне бақылау жүргізіледі. Тест талаптарын бұзған жағдайда тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.

Шифрлау модулі бағалаудың толық объективтілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өйткені тәуелсіз сарапшылар иесіздендірілген жұмыстарды халықаралық сәйкестендіру стандартына - UUID (әмбебап бірегей идентификатор) сәйкес шифрлайды. Кандидаттарды тестілеу нәтижелері сарапшылар үшін 32 таңбалы шифр түрінде көрсетіледі.

UUID шифрлау мысалы:

123e4567-e89b-12d3-a456-426655449200

Common European Framework of Reference, CEFR)

Мақсатты аудитория негізінен іскери хаттар, көпшілік алдында сөйлеу және өзара қарым-қатынас жасау кезінде мемлекеттік тілді қолданатын қызметшілерден тұрады.

Мемлекеттік қызметшілерден басқа QAZAQ RESMI TEST құжатайналым, іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүзеге асырылатын коммерциялық ұйымдарға да бағытталған.

Сондай-ақ QAZAQ RESMI TEST жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламарына (магистратура және докторантура) түсушілерге ұсынылады.

© Все права защищены 2020